Сирияда соғысып жатқан қазақстандықтар туралы мәліметтер шындыққа жанаспайды

«Өткен жылы талқыланған маңызды мәселелердің бірі – Қазақстан азаматтарының Сирия сынды қақтығыс ошақтарына аттануы болатын. Негізінен, сол жақта соғысып жатқан 150-ден астам азаматымыз туралы бейнеролик қызу пікірталас тудырды. Шын мәнінде, бұл жерде Сириядағы қақтығыстарға қатысып жүрген жүздеген қазақстандық туралы әңгіме болып отырған жоқ», - деді Е.Қарин сейсенбі күні президент жанындағы ОКҚ өткен брифингте.

Саясаттанушының пікірінше, бұл цифрлар үгіт-насихат мақсатында қасақана өсіріп айтылып отыр. «Терроризм дегеніміз, жарылыстар ғана емес, ол – ақпараттық соғыс. Оның басым бөлігі ақпараттық соғыстан тұрады», - деді ол.


Е.Қариннің айтуынша, оның шетелдік әріптестерінің пікірі де осыған ұқсас көрінеді.