Сириядағы соғысқа кетпек болған отандасымыз Америкада ұсталды

Сондай-ақ, оның сыбайласы ретінде 2 Өзбекстан азаматы тұтқындалды. Абдурасул Жорабоев пен Аброр Хабибов бұған дейін де «Ислам мемлекеті» экстремистік ұйымының содырларына қаржылай көмек көрсетіп келген екен. Осындай айып таққан Федеральды барлау қызметі бұл үшеуі лаңкестердің нұсқауымен Америкада жарылыс жасамақ болған дейді. Отандасымыз Ахрор Сейдахметовтың 2011 жылы Өзбекстанға кетіп содан қайтып Қазақстанға оралмағаны анықталып отыр. Кейін Америкадан бір шыққан жас жігіт туралы бар ақпаратымен бөлісуге және тергеуге араласуға еліміздің Сыртқы Істер министрлігі бүгін дайын екенін мәлімдеді.

Loading...