Сириядағы жиһадшы қазақтар жер жастанған


Мәліметтерге қарағанда, Сирия президенті Башар Асадттың әскері Түркиямен шекарадағы Латакия қаласына басып кіріп, билікке қарсы бүлікті бастаған Әл-Қаиданың «Әл-Нұсра» тобын талқандаған. Әскерилер сол маңдағы Кандизи ауылын да атқылап содырлардың жағында жүрген Қазақстан мен Филиппиннен келген 76 жиһадшыны қырып салыпты. Салафиттік ағымды ұстанатын бір топ Қазақстан азаматының шиеттей бала-шағасымен Сириядағы соғысқа келгені туралы бұдан бұрын айтқанбыз. Оққа ұшқандардың қатарында бұлар бар ма жоқ па белгісіз. Еліміздің құзырлы органдары да әзірше үнсіз.