Сириядағы жүрек шымырлатар көрініс: қаза тапқан қос перзентін құшақтап жылаған әке

Бұл туралы ашық ақпарат көздеріне сүйеніп, Caravan.kz тілшісі хабарлады. 

Шетелдік ақпарат құралдарының хабарлауынша, өткен сейсенбіде Сирияда химиялық шабуыл жасалды. Соңғы мәліметтер бойынша, осының салдарынан 100 адам қаза тауып, 300 тұрғын зардап шеккен. Қаза тапқандардың көбі - балалар. Батыс елдерінің өкілдері бұл шабуылға Сириядағы Башар Асадтың билігі және Ресей мен Иран жауапты деп отыр. Бірақ ресми Мәскеу мен Шам БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің отырысында бұл айыптауды теріске шығарды. Тіпті Ресей тарапы Сириядағы химиялық шабуылдың видеолары арандату үшін арнайы қойылым арқылы түсірілген дейді.