Депутат Бақтыбек Смағұлдың айтуынша, отандастарымыздың шетелдегі қарулы қақтығысқа араласуы ұлттымызға келген үлкен қауіп. Мұндай қатерлердің алдын алу үшін ең алдымен Таяу Шығыс елдеріндегі діни оқу орындарын тәмамдаған азаматтарды жіті тексеру қажет. Өйткені, шетелдіктердің жастарымызға қай ағымды насихаттап, қандай білім беретіні беймәлім. Халық қалаулысы тіпті жат жұрттан дін үйреніп оралған мамандардың қазіргі атқарып жүрген қызметтерін де қатаң бақылауға алу артықтық етпейді дейді. Сондай-ақ, елімізге еркін еніп, төрімізде тайраңдаған түрлі ағымдарды да сынға алған Бақытбек Смағұл Дін істері агенттігі лаңкестер мен экстремистер неге тек мешіттердің маңынан шығады деген сауалға назар аударатын уақыт жетті дейді.
Бақытбек Смағұл, Мәжіліс депутаты:
- Мешітте қандай бағытта барып жатыр? Ол жерде кім уағыз айтып жатыр? Мысалы, бірде бір шіркеудің адамдарының көрдіңіз бе, көшеде уағыз айтып жүргенін. Ал, біздің көрінген сақалды дүмше молдалар ана жерде, мына жерде айтады, жастар солардың жетегінде кетіп жатыр.