Сириялық бүлікшілер Астанадағы келіссөзге келеді

Басқосуға Ресей, Түркия және Иран елдерінің өкілдері келеді. Негізгі мақсат Сирияда оқ атпау туралы режимді ұзартып, бейбітшілікті сақтау. Алайда бүлікшілер әу баста қойға талабын өзгертпеген. Көздегендері ел президенті Башар Асадты биліктен кетіру. Айтуларынша, Астанадағы кездесуде саяси мәселелер емес, гуманитарлық тақырыптар талқыланады.

Дегенмен әзірге келіссөздердің қай күні өтетіні әлі нақтыланған жоқ.