Сирияның арнайы қызметтері ғимаратының жанында үлкен жарылыс болды

«Өзін-өзі өлімге қиған жанкешті автокөлікті Сирияның әскери әуе күштері нысанының жанында жарған» - деп хабарлады Сирияның адам құқығын қорғау бойынша орталығынан.

Лаңкестік актінің салдарынан кем дегенде сегіз адам қаза болды, олардың арасында Сирия арнайы қызметінің жоғары шенді полковнигі бар. Одан басқа, қырықтан астам адам жараланды.

Сирияның оңтүстігіндегі Сувейда қаласы соңғы екі жылдағы қақтығыс кезіндегі әлдеқайда тыныш қалалардың бірі болатын. Қала халқының негізгі бөлігін араб тілді этноконфессияаралық топ құрайды.


Қазіргі уақытта әлемдік қауымдастық Сириядағы қақтығысты шешудің дипломатиялық жолдарын іздестіруде.