В. Резванның айтуынша, компанияның құрылыс салуға лицензиясының жоқ екендігі аудан тұрғындарына мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының өкілінен мәлім болған. "Ол егжей-тегжейлі жоспарлама болған кезде, жоба мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасында бекітілген кезде ғана құрылысқа лицензия береміз деді. Ал оларда осы екеуінің ешқайсысы да болмады. Бұл туралы компания сотта мәлімдеді. Бұл сот отырысының хаттамасында тіркелген", - деп хабарлады құқық қорғаушы.
Сот пен мемлекеттік органдардан алынған материалдарға сәйкес, қаланың жоғарғы бөлігінде Бостандық ауданында "Сити Сервис Инвест Строй" компаниясына барлық коммуникациясы бар 16 гектар (1 573 сотка) жер участогы берілген.
Алматы қаласының әкіміне арнаған үндеулерінде бұзылып жатқан аудан тұрғындары Алматы қалалық әділет департаментінің берген жауабына және "Сити Сервис Инвест Строй" компаниясың Алматы қаласының Бостандық аудандық сотына ұсынған құжаттарына сәйкес, жер комиссиясының жер участогын беруі кезінде "Сити Сервис Инвест Строй" компаниясы бар болғаны 97 100 теңге болатын жарғылық қоры бар шағын бизнес субъектісі болғандығын хабарлаған. Сондай-ақ, штаттағы компания жұмысшыларының саны бесеу. Оның үстіне, компанияның аталған жер теліміне құрылыс салуға лицензиясы да болмаған.
"Олардың шоттарындағы бар-жоқ ақша 97 мың теңге. Олар жер телімін қалай алған? Бұл әкімдіктің қандай да бір резервтік қоры делік. Алайда, олай болатын болса, тікелей айту керек емес пе? Өйткені, мемлекеттік қажеттілік пен бюджет тұрған жерде коммерциялық құпия мен банктік құпия тұруға тиіс емес. Олар өздерінің мемлекеттік қажеттіліктерін пайдалана отырып, азаматтардың мүлкіне қол сұғып отыр. Бұл жерде барлығы ашық болуы шарт", - деп есептейді В. Резван.
Құқық қорғаушы, сонымен қатар, "Сити Сервис Инвест Строй" компаниясы 2005 жылдың 30 қыркүйегінде құрылып, сол жылдың 8 желтоқсанында, яғни, пайда болғаннан кейін 45 күн өткеннен кейін осы фирмашықтың Алматының "шұрайлы" жерлеріндегі аталған гектарларға ие болғанына назар аударды.