Ситибанктің жеке тұлғаларға депозит пен есеп-шот ашу жөніндегі лицензиясы үш айға тоқтатылды

Ұлттық банк «Ситибанк Қазақстан» АҚ-ның жекелеген операциялар жүргізуге берілген лицензиясын үш айға тоқтатты.


           Ұлттық банк баспасөз қызметінің хабарлауынша, қаулы 2013 жылдың 27-тамызында шыққан. «№210 қаулы бойынша «Ситибанк Қазақстан» акционерлік қоғамының депозит қабылдау, жеке тұлғалардың атына есеп-шот ашу, шетел валютасын айырбастау операцияларын жүргізу туралы лицензиясы үш айға тоқтатылды», - делінген хабарламада.
           Лицензияны тоқтатуға пруденциялық нормативтердің мен нормативтік-құқықтық актілердің жүйелі түрде бұзылуы түрткі болып отыр.