Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Massaget.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Мұндай ақпаратты журналист Анна Данченкоға берген сұқбатында асаба Руслан Ысқақ айтты.
"Өмірімде алған ең үлкен гонорар 20 мың доллар. Дубайда жүргізген тойдан алдым. Одан кейінгі қомақты қаржыны Сиви Махмудидің тойында таптым. Ұмытпасам 2013-2014 жылдары болуы керек. Дубайда өткен тойын басқарғаным үшін 10 мың доллар төлеген болатын. Сосын Стамбулда және Италиядағы Флоренцияда өткен тойларда 15-20 мың доллар гонорар алған болатынмын", - деді асаба.