Әнші студент шағын есіне алды, деп жазды Caravan.kz медиа порталы.
Тамара Асар құрбысының өзіне айтқан сынға әлі ойланатындығын айтты.
"Студент кезде менің саусақтарым осындай топ-томпақ еді. Бір күні бір құрбым "сенің саусақтарың сиырдың емшегі сияқты, жігіттер ұят, ә" деген.
"Содан өзі қысқа, томпақ саусақтарымды көрсетуге ұялатын болдым. Кейін қатты арықтады, бірақ, ұзарған жоқ. Сол құрбым неге солай айтты екен деп әліііі ойланамын десем ешкім сенбейтін шығар", деп жазды әнші.