Сіздерді мемлекеттік мереке – Астана күнімен шын жүректен құттықтаймыз!

Елорда өзіндік ерекшелігі бар нағыз еуропалық мегаполиске, экономикалық, саяси һәм мәдени өмірдің орталығына, сондай-ақ жоғары деңгейде өткен ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер басшылары саммитінде беделді халықаралық диалог алаңына айналды.

Астана – дәстүр мен инновацияны, кеше мен ертеңді, батыс пен шығысты үйлесімді біріктіре білді. Бұл қала тәуелсіздіктің, жетістіктіктің, өркендеудің символы. Ал Елорда күні – әрбір қазақстандық үшін маңызды мереке. Айтулы бұл күні отандастарымызға зор денсаулық, бақыт, амандық, бақ-береке мен жаңа табыс тілейміз!