С.Каратанчева АҚШ-та ITF сериясы бойынша өткен турнирде нидерландылық спортшыдан жеңіліс тапты

Ақтық ойындарда С.Каратанчева нидерландылық Аранте Рустан 4:6, 1:6 есебімен жеңілді. Естеріңізге сала кетейік, С.Каратанчева WTA рейтингі бойынша 127-ші орында тұр. Ал Рус аталмыш рейтинг бойынша 97-ші орында.

Қазақстандық спортшы аталмыш жарыстың бірінші айналымында осы турнирдің екінші ракеткасы, Беларусь спортшысы Анастасия Якимованы 6:1, 6:3 есебімен жеңген болатын. Екінші айналымда Джесика Пегуладан 6:3, 4:6, 6:1 есебімен басым түсті. Ширек финалда франциялық Ализе Корнені 7:6 (3), 6:4 есебімен тізе бүктірді. Ал жартылай финалдық матчта қазақстандық теннисші осы турнирдің үшінші ракеткасы, ресейлік Александру Панованы 7:6(6), 6:3 есебімен жеңді.