С.Каратанчева АҚШ-та өтіп жатқан ITF Troy халықаралық турнирінің ширек финалына шықты

Екінші айналымда С.Каратанчева турнир қожайыны Алексу Кингті екі сетте 6:1, 6:3 есебімен жеңді. Ал ширек финалда ол тағы бір американдық спортшы Грэйс Минмен күш сынасады.

Естеріңізге сала кетейік, бірінші айналымда қазақстандық теннисші американдық Мелани Оудинді 6:1, 6:3 есебімен ұтқан болатын.