Сарапшылар әуе кемесіне сұйытылған оттегін құю барысында түтіктердің бірі өз-өзінен зақымдалған деген тоқтамға келді. Тергеу жүргізген комиисия алдағы уақытта осыған ұқсас жағдайды болдырмас үшін еліміздегі барлық әуе комапнияларына ұсыныс та әзірлеп қойған. Ал Ақтау әуежайындағы апат былтыр маусым айында болған еді. «Боинг 737» жолаушылар ұшағы Астанадан ұшып келген. Қона салысымен мамандар техникалық қызмет көрсетіп жатқанда, алдыңғы бөлігінен өрт шығады. Қызыл жалын санаулы минуттар ішінде күш алып үлгерген. Құдай сақтап, бұл уақытта ұшақта жолаушылар да, экипаж мүшелері де болмаған екен.
Loading...