Скриптонит өзін жарнамалаған қазақстандық телеарнаны боқтап тастады

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Телеарна Скриптониттің EMA-2020 сыйлығына үміткер екендігі туралы хабарлама жариялады. Ал әнші балағат сөз айтып, жауап берді. 

Бір қызығы, әлеуметтік желі қолданушылары әншіні қолдады. Muzzone Instagram-да Скирптониттің Еуразиялық музыкалық сыйлыққа «Үздік Hip-hop жобасы» номинациясын ұсынғанын хабарлады.

Музыкант жазбаға жауап берді.


«Менен әрі жүріңдерші, өтінемін», - деп жазды ол.

Әлеуметтік желі қолданушылары Скриптониттің деңгейі мұндай марапаттан әлдеқашан асып кеткенін айтты.

«Олар бұрын қайда болды?», «Ол өзінің деңгейі қандай екенін қазірдің өзінде біледі», «Сенің деңгейің емес, қымбаттым», - деді олар.