Оған Әзербайжан, Армения, Болгария, Италия, Куба, Мексика, Польша, Ресей және басқа да елдерден 21 жас орындаушы қатысады. Қазақстан атынан Димаш Құдайбергенов шығады.
Фестиваль 9-13 шілдеде өтеді. Қағидаға сәйкес олардың 15-і финалға шығып, 20 мың долларлық Гран-приге таласады.
Фестиваль аясында сондай-ақ «Витебск-2015» XIII халықаралық балалар музыкалық байқауы өтеді. Онда әр елден 20 қатысушы сынға түседі. Қазақстан атынан 10 жастағы Луиза Нұрқуатова өнер көрсетеді.
Ересектер байқауының әділқазылар тобын РФ-дағы Әзербайжанның Төтенше және Өкілетті Елшісі, әнші Полад Бюльбюль-оглы басқарады. Балалар байқауына Ресей халық әртісі Дмитрий Маликов төрағалық етеді.
Гала-концерттің құрметті қонақтары ресейлік эстрада жұлдыздары мен шетелден келген әншілер болмақ. Атап айтқанда, «Еуровидения» жеңімпазы Норвегиялық Александр Рыбак, британдық әнші Софи Эллис-Бекстор, немістің Dschinghis Khan тобы, итальяндық Ricchi E Poveri тобы қатысады.