“Славян базары-2016” байқауында қазақстандық әнші екінші орын алды

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Adam байқаудың соңғы күнінде Sam Smith I’m Not The Only One әнін орындап 78 ұпайға ие болған. Жалпы есеппен екі күнде 155 ұпай жинаған. Осылайша, бас жүлдені еншілеген белоруссиялық Алексей Гросске 2 ұпай жетпей қалады.

Жеңімпазды ресми марапаттау рәсімі шілденің 18-і күні өтті. Екінші орынды иеленген қазақстандыққа сыйақы ретінде 15 мың доллар табысталды.

Adam журналистерге берген сұхбатында аталған әнді бұдан да жақсы орындай алатынын, ол үшін қобалжуы кедергі болғанын айтқан. Мұнымен қатар, әнші байқаудың әділетті болғанын айтып өткен.


Халықаралық байқау әділ қазы мүшелерінің құрамында Валерий Леонтьев, Наталья Могилевская, Нағима Есқалиева, Александр Тиханович сынды танымал жұлдыздар болған.

Естеріңізге сала кетсек, 2015 жылы “Славян базары” байқауында Қазақстанның атынан Димаш Құдайбергенов алған болатын. Ол бас жүлдені иеленді. 2016 жылы Димашты концерттік бағдарламаға қатысуға арнайы шақырған.