Димаш Құдайберген қазылар алқасында болатын "Славян базары - 2018" халықаралық ән байқауында Роза Рымбаева да төрелік етеді, деп хабарлайды Today.kz.
"Димаш Құдайберген жасөспірімдер тобында төреші болады. Ал менің тобымда қазылар алқасында Роза Рымбаева отырады. "Славян базары" несімен ерекшеленеді? Әрине, әділдігімен. Бұрмалау деген болмайды. Роза Рымбаеваның қазылар алқасында отыратын қуанышты жағдай. Беделді кісі. Бірақ біріншіден Аллаға, екіншіден өзіме сену керек", – деді Әміре.
Естеріңізге сала кетейік, "Славян базары - 2018" байқауы 12-16 шілде аралығында өтеді. Осыған дейін де "Славян базары - 2015" байқауында жеңіске жеткен Димаш Құдайберген биыл осы байқаудың қазылар алқасының құрамына енгені туралы жазған едік.