Славянскіде ЕҚЫҰ-ның әскери бақылаушысы босатылды

Келіссөздер қорытындысы бойынша ЕҚЫҰ өкілдері Славянскіден кетті. Швед өкілін босату туралы шешім оның диабетпен сырқаттанатынан байланысты қабылданған.

ЕҚЫҰ әскери миссиясының қалған мүшелері тұтқында қалды.

25 сәуір күні Славянскіге кіре берісте белгісіз топ автобусты тоқтатып ондағы инспекциялық топты тұтқынға алды. Инспекциялық топ құрамына сенім және қауіпсіздік шаралары туралы Вена құжаты – 2011 бойынша ЕҚЫҰ шешіміне сәйкес Украинада жұмыс істейтін ГФР-дың төрт өкілі, Швеция, Польша, Дания, Чехиядан бір бір өкілден кіреді.

«Славянск халықтық қауым» басшысы Вячеслав Пономарев ұсталғандарды «әскери тұтқындар» деп атап, оларды Мәскеуден оралғаннан кейін жоғалып кеткен өз орынбасары Игорь Перепечаенкоға және «басқа жолдастарына» айырбастайтынын мәлімдеген.