Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы fnn.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Байқауды Astana IT University ЖОО ұйымдастырды. Нұрсұлтан Назарбаев Қоры бірлескен ұйымдастырушы әрі демеуші болды. Ал байқаудың серіктесі Birmingham City University.
Біріншілік оқушылардың шығармашылық қабілетін анықтауға және дамытуға, олардың ақпараттық технологияларға деген қызығушылығын арттыруға бағытталған.
2023 жылы желтоқсан мен 2024 жылы ақпан аралығында байқауға қатысуға 125 өтінім келіп түсті, оның ішінен ақтық сайысқа қатысу үшін 35 жоба (түрлі мектептен 60 оқушы) іріктелді. Байқау жыл сайын «Smart City технологиялары» еркін тақырыбы бойынша үшінші рет өткізілді.
Байқау жеңімпаздары:
- Бас жүлде – Agrimo жобасы, авторлары Орынбай Әлішер, Нияз Қайратұлы және Құрманғазы Әлиәмір Арманұлы. Олардың жобасы – оңтайлы өнімділікке қол жеткізу үшін деректерді талдайтын және ақпаратты ұсынатын түсімді бақылау платформасы;
- 1 орын - FilterAirN жобасы. Авторлар Бақытбеу Елзада мен Орал Арайлым көмірқышқыл газын пайдаланып, оның атмосфераға әсерін азайту үшін кальций гидроксидін қолданатын құрылғы жасады;
- 2 орын Waste Sorting Machine «Tazalyq» жобасына (Өтепқали Махамбет пен Зинуллин Нұрсұлтан) және Autism Spectrum Mobile App жобасына (Айдарғалиева Айым, Қызылтаева Адия) берілді;
- 3 орынды SafeSwift (Сұлтанқұл Шыңғыс, Жұранбаев Азамат), SmartStage (Климова Алина, Махатов Ілияс), «A-SIA: Chatgpt-4 негізінде дауыстық ассистенті бар туристерге арналған гуманоидты робот-гид» (Гайданко Әлихан, Рахманбердив Сардорбек) жобалары жеңіп алды.
Жеңімпаздар ұйымдастырушылардан білім гранты мен бағалы сыйлықтар-планшеттер, смарт-сағаттар, құлаққаптар және т.б. алды. Балаларды құттықтап, білім мен зерттеуде жаңа жетістіктер тілейміз!