Бағдарлама Қазақстанның дарынды балаларының цифрлық жобаларының халықаралық нарыққа шығуын қамтамасыз етуде көмек көрсетуге бағытталған. Мұндай қолдау ірі әлемдік корпорациялармен ынтымақтастықта жүзеге асырылады.
Биыл бағдарлама төртінші рет өткізіліп, Сovid-19 пандемиясы жағдайында қашықтан өткен форматта ұйымдастырылды. Финалист 15 команда таңдалды, олар «Airbus» «Olam International» және т.б. бағдарламаның ірі корпоративтік серіктестеріне өз шешімдерін ұсынды.
Бағдарлама аясында Азия - Тынық мұхит аймағындағы технологиялар бойынша «Airbus» топ-менеджері Сайрил Швобпен өзара түсіністік туралы Меморандумға қол қойылды.
Енді үш стартап - «Microsec», «Automatico» және «SmartQ» «Airbus»-тың әртүрлі бөлімшелерімен байланысуға және жалпы жаһандық әуе индустриясына қол жеткізуге мүмкіндік алады.
«MicroSec» - Сингапурда орналасқан, негізін қалаушылардың бірі қазақстандық. Ол интернет-заттардың киберқауіпсіздігі саласында жұмыс істейтін стартап
«Automatico» - жұмыс процестерін автоматтандыру саласында Қара-Жыра кен орнында өз шешімдерін енгізген табысты қазақстандық стартап.
«SmartQ» - қазақстандық бағдарламашылар мен жетекші кореялық «UNIST» технологиялық университетінің түлектері жасаған жоба.