Сноуденді Ресейдегі басшылары жоғары бағалайды


Бұл туралы журналистерге Э.Сноуденнің өкілі Анатолий Кучерена мәлім етті.
Оның айтуынша, Э.Сноуден Ресейге үйренген, тіпті, аздап орысша сөйлей бастаған көрінеді.
«Ол көптен бері ресейлік компаниялардың бірінде жұмыс істейді. Мұндай таптырмас маманды компания да жібере қоймайды», - деді өкіл.