СНПС "Ақтөбемұнайгаз" облыстағы дарынды жастарға арнап 600 мың доллар бөлді

Бұл қаржының біраз бөлігі Байғанин ауданының экономикалық әлеуетін арттыру мақсатына жұмсалады деп күтілуде.

Осындағы мұнай компаниялары Ақтөбе облысы әкімшілігімен бірнеше жылдан бері белсенді қарым-қатынасты жолға қойған. Атап айтсақ, 2003-жылдың наурыз айында облыс әкімшілігі мен "Алитес Петролеум Интернешнл Б.В." және "Қазақойл Ақтөбе" ЖШС сынды инвесторлар арасында өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.
Бұл құжаттарға сәйкес Ақтөбе облысы агроазық-түлік бағдарламасын жүзеге асыруға арнап 148,3 млн., Мұғалжар ауданының Кеңқияқ ауылындағы әлеуметтік саланы оңалтуға 73,8 млн. теңге алды.