«Собачий рай» фильмінде павлодарлық композитордың әуені ойналды

Наум Григорьевич бұл әуенді 1947 жылы жазған. Оның жұмысын композитор Евгений Брусиловский бағалаған.

Т.Корешкованың сөзіне қарағанда, он жыл бұрын Шафердің «Кешкі вальсін» Анатолий Оноприенконың басқаруымен Павлодар әкімінің үрмелі аспаптар оркестрі орындаған. Осы нұсқасы лазерлік дискке жазылып, кейін оны фильмның авторлары таңдаған. Онда Сталиннің өлімінен кейінгі халықтың өмірі, саяси қуғын-сүргінге ұшырағандардың үйлеріне қайтуынан кейінгі бейімделуі жайлы баяндалады.  

Шафердің үй-мұражайына келушілер «Собачий рай» кинокартинасын 2015 жылдың қаңтарында,  Наум Григорьевичтің туған күнінде тамашалай алады.