Сочи Олимпиадасын көгілдір экраннан 3 млрд көрермен тамашалайды

Олимпиада ойындарын көрсету құқығына 123 елдің 90 телерадиокомпаниясы ие болды. Сочидегі айтулы жарыстарға оны көрсетуге құқылы телерадиокомпаниялардың шамамен 11 000 өкілі келеді, деп ұйғарады Олимпиаданың ұйымдастыру комитеті.

«Олимпиада және паралимпиада ойындарын түсіру үшін замануи жаңа камералар, рельстік камералар, қармен жүретін камерлар пайдаланылатын болады, сондай-ақ тікұшақ пен дирижабльден бейнекамераға түсіру жұмыстары жүргізіледі. Сочиде ұлттық сигналдардың берілу жұмыстарын Ресейдің 10 аймағынан 535 телевизия мамандары жүзеге асыратын болады», делінген ұйымдастыру комитетінің хабарламасында.

Ойындардан хабар тарату үшін үшін барлығы 120 000 құрал-жабдық, 10 000 радио станциялары мен 1600 бейнекамера, 5000 теледидар, 20 бейнеэкран пайдаланылады.