Сочи олимпиадасына 300-ге жуық жанкүйер аттанғалы отыр

 Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің төрағасы Тастанбек Есентаев мәлім етті.

«Қазіргі таңда агенттіктен қазақстандық делегацияның құрамы жасақталуда. Оған жалпы 100-ден астам адамды құрайтын спортшылар, жаттықтырушылар, мамандар және штаб кіреді. Сондай-ақ, біздің құраманы қолдау үшін Сочиге тамақпен, тұрғылықты жермен және спорттық формамен қамтамасыз етілген бірыңғай ұйымдасқан топта шамамен 300 жанкүйер жіберуді ұсынамыз»,-деді ол.

Айта кетейік, 2014 жылы Сочи қаласында өтетін 22-ші қысқы олимпиада ойындарының ашылу салтанаты 7 ақпанда өтеді.