Бұл туралы бүгiн Астанада қазақстандық делегациясының шеф-де-миссоны - ҚР Спорт және дене шынықтыру iстерi агенттiгi төрағасының орынбасары Елсияр Қанағатов мәлiм еттi.
Ел намысын қорғайтын спортшылар қысқы спорттың 10 түрiнен қатыспақ. Соның iшiнде шаңғы жарысы мен биатлонда он-оннан, мәнерлеп сырғанаудан - 2, фристайл могулдан - 5, фристайл акробатикадан - 4, шорт-тректен - 6, конькимен жүгiруден - 6, сноубордтан - 1, тау шаңғысынан - 4, шаңғымен секiруден - 1 және шана жарысынан 1 жолдама бар. Сонымен қатар олармен бiрге 40 адам жаттықтырушы мен сервисмендер барады.
Спортшылар үш олимпиадалық қалашықта: тау шаңғысы, жағалаудағы олимпиадалық және қосымша тау бөктерiндегi қалашықтарда тұратын болады.
Сочидегі Қысқы Олимпиада ойындарында Қазақстан туын шаңғышы Ердос Ахмадиев ұстап барады.