Сочи Олимпиадасында алтын алған спортшыға 250 мың доллар беріледі


«Қаржылық ынталандыруға келетін болсақ, Үкімет қаулысы бар, бірінші орынға 250 мың доллар, екінші орынға 150 мың доллар, үшінші орынға 75 мың доллар бекітіліп отыр», - деді агенттік төрағасы.

XXII қысқы Олимпиада ойындары 2014 жылы 7-23 ақпан аралығында Ресейдің Сочи қаласында өтеді. Қазақстан құрамасы олимпиадалық бағдарламаның 15 спорт түрінің 11-і бойынша кемінде 40 лицензия жеңіп алу мақсатын қойып отыр.