Сочи Олимпиадасында жеңімпаз атанған қазақстандық спортшылар қанша сыйақы алады?

Бұл туралы еліміздің Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі төрағасы Елсияр Қанағатов мәлім етті.

«Лондон Олимпиадасында белгіленген сыйақы көлемі өзгермейді: бірінші орын үшін 250 мың доллар, екінші орынға – 150 мың доллар, үшінші орынға – 75 мың доллр. Алтыншы орынға дейін жүлделі болып саналады», - деді ол дүйсенбідегі баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, жеңімпаз спортшыларды дайындаған бапкерлерге де осындай сыйақы беріледі.