Сочи қаласында өнеркәсіптік қауіпсіздік жөніндегі ТМД елдері мемлекетаралық кеңесінің отырысы өтуде

"Мұндай жоспарлы отырыстар бұған дейін үкіметтік деңгейде қабылданған өнеркәсіптік қауіпсіздік жөніндегі келісімді одан әрі дамыту мақсатымен жыл сайын өткізіледі",- деді ол. Г.Сергеевтің айтуынша, жиналысқа Түрікменстаннан басқа барлық ТМД елдерінің өкілдері қатысуда. Отырыстың күн тәртібінде 15 түрлі мәселе қаралмақ. Атап айтсақ, ТМД елдерінің кәсіпорындарында қауіпсіздік мәселесі бойынша ұлттық заңдарды өзара үйлестіріп, біртұтас талап жүйесін қалыптастыру мәселелері сарапқа салынады.

"Отырыста талқыланушы мәселелер бойынша ТМД кәсіпорындарындағы өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарын біріздендіруге бағытталған тиісті шешімдер қабылданады деп күтілуде",- деп атап көрсетті.