Еркін стильдегі іріктеу спринтіне ерлерден Қазақстан намысын шаңғышылар Николай Чеботько, Денис Волотка және Роман Рогозин қорғаған болатын. Чеботько 3 минут 37,88 секунд көрсеткішімен жалпы есепте 30-шы орын иеленді. Денис Волотка болса - 58-орында, Роман Рогозин 33-орында келді. Үздік 30 спортшы біліктілік сайысынан өтіп, ширек финалға жолдама алды.
Еске сала кетер болсақ, Николай - классикалық стильдегі командалық спринтте Әлем чемпионатының қола жүлдегері.