Сочиде А.Мамытбеков сиыр етін кіргізуге квоталық режімді алып тастауды ұсынды


Асылжан Мамытбеков сиыр етін кіргізуге квоталық режімді алып тастауды ұсынды, деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметінен. 

Министрдің айтуынша, бұл ұсыныс жүзеге асса, одақтас елдің нарығында ірі қара мал етінің бәсекеге қабілеттілігі артады. Сонымен қатар, ірі қара мал етінің құн салығын енгізуді 27,5 пайыз деңгейінде жолға қоюды ұсынды. 
Өйткені, қазіргі уақытта Ресей Федерациясының ДСҰ алдындағы міндеттеріне байланысты, ірі қара мал етін кіргузіге байланысты ішкі квоталық кедендік құн салығы 15 пайыз болса, квотадан тыс 55 пайыз болып отыр.