Сочиде өткен қысқа бағдарлама қорытындысы бойынша қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Тен тоғызыншы орынды иеленді

Оның нәтижесі 84,06 балды құрайды.

Отандық екінші мәнерлеп сырғанаушы Абзал Рақымғалиев 20-шы орынға тұрақтады (64,18 балл).

Бұл бағдарламада бірінші орынды жапондық Юдзуру Ханю иеленді. Нәтиже - 101,45 балл.

Екінші орында канадалық Патрик Чан (97,52). Үшінші орында испандық Хавьер Фернандес (86,98).


Ресей өкілі Евгений Плющенко арқа жарақатына байланысты сайыстан шығып қалды.