Сочиде Қазақстан құрамасы кемінде екі жүлде алуы тиіс

Оның айтуынша, қазақстандық спортшылардың Сочи Олимпиадасындағы жетістігі Ванкувер Олимпиадасының көрсеткішінен де жоғары болуы тиіс. Себебі 18 жылда қысқы спорт түрлерінен бірде-бір медаль алып көрмеген Қазақстан былтыр әлемдік біріншіліктерде бірнеше жүлде жеңіп алды.

«Болжам айту өте қиын. Бірақ былтырғы жылғы әлем және өзге де халықаралық турнирлердегі нәтижені көріп отырмыз. 18 жылда біз Әлем чемпионаттарында қысқы спорт түрлерінен медаль алып көрген жоқпыз. 2013 жылы Алексей Полторанин, Николай Чеботько, Денис Тен, Денис Кузин сынды спортшыларымыз әлемдік біріншіліктерде жоғары жүлделі орындарды алды. Меніңше, Сочиде медаль алатындай оларда әлеует бар», - деді ол.

«Кем дегенде екі медаль - сондай талап құрама командаларымыздың алдына қойып отырмыз. Ол қандай медаль болады, оны сол спортшылар өзінің жетістігімен көрсете жатар, дегенмен кем дегенде екі медаль алу жоспарланып отыр. Фристайл-могулдан біздің Юля Галышева, Дмитрий Рейхард деген спортшыларымыз жақсы нәтиже көрсетіп жүр, шорт-тректен біз командалық эстафетада жас спортшыларымызға үміт арта аламыз», - деп түйді сөзін Е.Қанағатов.