Сочидегі 2014 жылғы ойындар басталғалы «олимпиадалық» автобустармен 250 мың жолаушы тасымалданды. Жарты миллионнан астам адам электр пойыздарының қызметіне жүгінген, деп хабарлады сәрсенбі күні Олимпиада ойындары көлік дирекциясының жолаушыларды тасымалдауды ұйымдастыру бойынша департаменті директорының орынбасары Вячеслав Байер.
Жалпы Сочидегі Олимпиаданы тамашалауға келгендерді тасымалдау үшін 963 автобус тартылды. Оның 350-ден астамы мүмкіндігі шектеулі жандарды тасымалдауға арналған құрылғылармен жабдықталды. Сочи сапаржайынан әуежайға дейін, Красная Полянаға және Олимпиадалық саябаққа 222 "Ласточка" электр пойызы жүруде.