Сочидегі олимпиада: Қазақстандық шорт-трекшілер 1500 метрлік сыннан өте алмады


1500 метрлік жарыста 2 спортшымыз - Батыс Қазақстан облысынан 20 жастағы Айдар Бекжанов пен 18 жасар қостанайлық Денис Никиша бағын сынады. Айдар және Денис төртінші және бесінші алтылықта өз мүмкіндіктерін көрсетті. Бекжанов 2 минут 19.713 секунд көрсеткішімен мәреге 5-ші болып жетсе, Никиша алтыншы келді (2 минут 16.452 секунд).