600 мыңға жуық қонақ келеді. Бұл туралы «Сочи-2014» ұйымдастыру комитетінің өкілі Андрей Бадин мәлім етті.
«Сочидегі қысқы Олимпиадаға 80-нен астам мемлекет қатысады деп жоспарлап отырмыз. Яғни, бұл 400-600 мың адам деген сөз», - деді А.Бадин бейсенбі күні Красноярскіде өткен экономикалық форумда.
Оның айтуынша, Олимпиада қатысушылары мен қонақтарға 90 мың адам қызмет көрсетеді.
«Ақ Олимпиаданы 130-дан астам мемлекетте 3 млрд көрермен тамашалайды», - дейді ол.