«Қазақстан үйі 7 ақпанда ашылды. Оны елбасымыз Н. Назарбаев ашты. Содан бері үйіміз шетелдік қонақтардан босаған емес. Олимпиада ауылына келгендердің бәрі бірінен бірі естіп, соқпай кетпейді. Ал біз оларға дастарқан жайып, ұлттық тағамымызды ұсынудамыз. Одан басқа Қазақстан туралы және еліміздегі ұлттық жобалар жөнінде бейнероликтер көрсетудеміз», - деп атап өтті Н. Қарабалина.
Қазақстандық үйді көргенде бейнебір көрме үйіне кіргендей боласың. Мұндағы әрбір бұрыш Қазақстанның ұлттық жобаларынан мағлұмат береді. Айталық, онда EXPO-2017 Дүниежүзілік көрмесі, 2022 жылғы Олимпиаданы өткізуге Алматының үміткерлегі және тағы басқа жобалар таныстырылған.
«Біз мұнда шетелдік журналистерді тартқымыз келеді. Ертең олар елдеріне барып өз бұқаралық ақпарат құралдары арқылы Қазақстан үйі мен Қазақстан туралы айтып береді деген ойдамыз», - деп қосты ол.