Соғыс ардагерлері туралы тың дерек тапқандарға жүлде беріледі

Тұңғыш Президент қоры үздіктерді таңдап, олардың еңбегін бес рет қатарынан халыққа жариялаған. Биылғы шарада ерлігі елге өнеге, алайда, бүгінде елеусіз қалған батырлар туралы ақпарат жинауға ат салысқан азаматтар осындай марапатты иеленбек. «Менің отбасымның тарихы – менің елімнің тарихы» деген аталыммен өтініштерді қабылдау 1-ші сәуірге дейін жалғасады. Сонымен қатар, әлеуметтік желілерде «Бір суреттің тарихы» атты флеш-моб ұйымдастырылмақ. Әрбір үміткерге қойылатын талап біреу – жеңісті жақындатқандардың сұрапыл жылдарда бастан кешкен оқиғалаларын жариялау. Жеңімпаздар Жеңіс мерекесі қарсаңында марапатталады.

Софья Раева, «Балбұлақ» қоғамдық қорының директоры:

Қазақ жерінде соғыстың зардабы тимеген бірде бір жанұя жоқ. Соғысқа қатысты, тылда бейбітшілік үшін жұмыс істеді. Көбі әйелдер. Олардың өмірі өте ауыр болды.  Оның үстіне қазіргі заманның балалары соғыс туралы өте аз біледі. Соларға жеткізу керек. 

Loading...