Бұл – Волоколам тас жолын қорғаған қазақ жауынгерлерінің топырағы. Олар Мәскеу үшін болған қанды шайқасқа ең бірінші боп араласып, жат жерде ерлікпен қаза тапқан еді. Алматыда жабдықталған атақты 316-шы атқыштар дивизиясы тұтқиылдан басып кірген жаудың әскерін аздаған қарумен тас талқан еткен болатын. Атап айтқанда, 28 панфиловшылар жаудың 50 танкісін жойып жіберді. Сол 28 батырдың 11-і осы Жетісу өңірінен шыққан. Туған жеріне қайта оралмаған жауынгерлердің топырағымен бірге, Ресейден мәңгі алау оты да әкелінді. Сондай-ақ, Қапшағай мен Волоколамск бауырлас қалалар атанды.
Александр Максимов, соғыс ардагері:
-Қаза тапқан жауынгерлерді еске алып, қайғырамыз. Олар шайқас даласынан оралмады. Тым болмаса, топырағы туған жерге бұйырсын дедік. Бауырластар зиратынан алынған топырақты арнайы капсулаға салып әкелдік.
Loading...