Ондағы жағдай да қазір ушығып барады. Себебі, Сириядан ағылып келіп жатқандардың қарасы күн сайын артуда. Жалпы, соғыс басталғалы мұнда бір жарым миллионнан астам сириялық босқын қашып келіпті. Негізінен этникалық күрдтер. Олар өз отандарында жүріп жатқан азамат соғысынан әбден қажығандарын айтады. Оның үстіне Сириядағы экстремистер ірі аудандарды өз бақылауына алған. Ал Түркия билігі босқындарды асырау үшін халықаралық көмек сұрауға мәжбүр болып отыр. Себебі, олар үшін босқындарға ішіп-жем мен баспана табу қиынға соғып тұр.