Соғысты аяқтау керек": Зеленский Ресеймен келіссөздердің жаңа раундын өткізуге шақырды

Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы Tengrinews.kz-қа сілтеме жасап хабарлайды.

Видеоүндеу Зеленскийдің Telegram-арнасында жарияланды.

"Соғысты аяқтау керек. Келіссөз үстеліне отыру керек, бірақ адал және нақты, халықтың мүддесі үшін", - деді Зеленский.

Ресей мен Украина бұған дейін келіссөздердің үш раундын өткізген еді. Екінші раунд барысында тараптар азаматтарды эвакуациялау, азық-түлік пен дәрі-дәрмек жеткізу үшін гуманитарлық дәліздерді бірлесіп қамтамасыз ету бойынша ынтымақтастыққа қол жеткізді. Алайда гуманитарлық дәліздер толық жұмыс істемеді.