"Соғысты тоқтатыңдар". Ресейдің бірінші арнасында тікелей эфир кезінде журналист плакатпен жүгіріп шықты (ВИДЕО)

Бұл туарлы Сaravan.kz медиа порталы хабарлайды. 

Редактордың қолындағы плакатта "Соғысты тоқтатыңдар, үгіт-насихатқа сенбеңдер, мұнда сендерді алдап жүр" деген жазу бар. Ал видеоүндеуінде «Украинадағы жағдай — қылмыс. Ресей — агрессор. Бұған бір адам жауапты. Ол — Путин» деген екен.

Кейбір мәліметтерге қарағанда редактор қазір полиция бөлімшесінде тергеліп жатқан көрінеді. 

Көпшілік ресейлік тілшілердің Украинаны лаңкестерден, ұлтшылдардан тазартып жатырмыз деген жалған насихаттан ел шаршады деген сияқты пікірлер қалдырды.