Согринская Жылу электр орталығындағы апат зардаптарын жою жұмыстары одан әрі жалғасуда

22-ақпан, таңертеңгі 6 сағаттағы жағдаймен жылытқыштың температурасы +75С, айналмалы судың жылылығы +56С болды. Қазір қоқыстарды тазарту, құлағалы тұрған қабырғаларды құлату жұмыстары жүргізілуде. Жөндеу жұмыстарына 164 адам тартылған.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, 21-ақпанда Шығыс Қазақстан облысындағы "AES Согринская Жылу электр орталығы" ЖШСеріктестігінде көмір тозаңының жарылысы салдарынан өрт шығып, цех жартылай қирап қалды. Соның салдарынан титан-магний комбинаты мен 60 үй жылусыз қалды. Зардап шеккендер мен құрбан болғандар жоқ.