Соколов-Сарыбай тау-кен өндірістік бірлестігінің шахтасындағы апат салдарынан қаза тапқан екінші адамның мәйіті табылды



Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, 3-қазан күні түнгі 00 сағат 12 минутта Қостанай облысы Рудный қаласындағы Соколов-Сарыбай тау-кен өндірістік бірлестігінің бір шахтасындағы 260-330 метр тереңдіктегі қазба орнын кенеттен су алып кетті. Апат кезінде шахтада 171 кенші болған. Олардың 169-ы жер бетіне шығарылды. Жабдықтарды жөндеумен шұғылданатын 42 жастағы электрослесарь қаза тапты. Тағы бір жұмысшы табылмады. Іздестіру шаралары екі тәулікке созылды. Оған ҚР төтенше жағдайлар министрлігінің "ВАСС "КЕН" РМКК-ның құтқарушылары мен кеншілер жұмылдырылды.
Кәсіпорында арнайы комиссия жұмыс істеуде. Оқыс оқиғаның себептері анықталу үстінде.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті