Соломон аралдарындағы қуатты жер сілкінісінен кейін цунами көтерілуі мүмкін

Зілзаланың ошағы Соломон аралының жағасындағы Киракира қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 117 шақырым жерде орналасқан.

Зардап шеккен адамдар, не ғимараттар жөнінде мәлімет түскен жоқ.

Бірақ цунамидің көтерілу қаупі бар. Соломон аралдары мен Жаңа Гвинея халқына ескерту жарияланды.