"Сольтрест" ЖШС Ресейдің «Магнит» сауда желісімен өнім жеткізу туралы келісімшартқа қол қойды

Қазақстанның «Аралтұз» ас тұзын өндірушінің ресми дистрибьюторы "Сольтрест" ЖШС Ресейдің «Магнит» сауда желісімен өнім жеткізу туралы келісімшартқа қол қойды.


           Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Kaznex экспорт және инвестиция жөніндегі ұлттық агенттігі бүгін мәлімдегендей, компания 2018 жылға дейін 125 млн рубльдің өнімін жеткізбек.
           Таяу арада "Сольтрест" қазақстандық тұзды БАӘ және Жапония нарықтарына шығаруды да жоспарлап отыр.
           "Магнит" — ресейлік ірі сауда желірерінің бірі.