Солтүстік Атлантикалық Альянстың Бас хатшысының Орта Азия және Кавказдағы арнайы өкілі Қазақстанға келеді

Ол сапардың үстіміздегі жылдың 10 - 11 сәуіріне жоспарланғанын хабарлады.

"Сапар мақсаты Қазақстанның Солтүстік Атлантикалық Альянспен серіктестік іс-әрекетінің жеке жоспарының негізгі бағыттарын Қазақстан жағымен талқылау болып табылады", - деп түсіндірді Е. Ашықбаев.

Сапар барысында Р. Симмонс Қазақстанның министрліктері мен ведомстволарында кездесулер өткізіп, Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде профессорлар-оқытушылар құрамының алдында сөз сөйлейді. Сондай-ақ, НАТО-ның депозитарлық кітапханасының ашылуы болатын Ұлттық академиялық кітапхананы тамашалайды.