"Солтүстік Атлантикалық альянстың парламенттік ассамблеясының президенті алғаш рет 9-12-маусымда Қазақстанға ресми сапармен келеді ", - деді Е. Ашықбаев.
Оның айтуынша, сапар барысында Ж. Лелло ел басшылығымен жүздеседі деп жоспарланған. "Кездесулер барысында Ауғанстандағы ахуалдың дамуына Қазақстанның беріп отырған бағасы, өңірлік қауіпсіздік мәселелері, Қазақстанның алдағы ЕҚЫҰ-ына төрағалық жасауына байланысты Солтүстік Атлантикалық альянстың ЕҚЫҰ-мен ынтымақтастығының келешегі секілді мәселелер талқыланады", - деді СІМ өкілі.